Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Нүкенова өлім аузында жатқан кезде Бишімбаев басқа қыздармен сөйлескен

23 сәуір 2024 1686

Қуандық Бишімбаевтың Салтанат Нүкенова хал үстінде жатқан кезінде басқа қыздармен сөйлескені анықталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Сот Бишімбаевтың WhatsApp мессенджерінде 2023 жылдың 8-9 қарашасында жазған хаттарын зерттеп жатыр.

Бишімбаев Гүлнар Насырбековамен Нүкенова өлтірілген күні «БАУ» мейрамханасында кездескен. 9 қараша күні кешке ол оған «Сен раушан гүліндейсің» деп жазған.

«Юлия-супер» есімді жанмен тағы бір хат алмасқан.  Бишімбаев сағат 19:10-да одан бос екенін сұраған. Ең қызығы,19:24-те ол көріпкелден өлім аузында жатқан әйелінің халін сұраған. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?