Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда тірі мал мен өлі малды бір қорада "ұстайтын" шаруашылық иесі жалпақ жұртты ашындырды

04 мамыр 2024 92
Алматы қаласы, Қырғауылды кентінің тұрғындары тірі мал мен өлген малды бір қорада ұстайтын шаруаның әрекетіне шағым айтып, алаңдаушылық білдіріп отыр. Ол өлекселерді тазаламағандықтан, ауылды жағымсыз иіс басып кеткен, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Ұнамсыз бейнелер әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Видеодан үлкен қорада жылқы, сиыр, шошқа малдары аралас бағылатынын байқауға болады. Оның үстіне қора мал қалдықтарына толы, тазаланбаған. Өлекселер, аяққа тұра алмай жатқан үй жануарлары, тұрғандары балшыққа батып, әрең қозғалатындары бейнеленген.

"Қырғауылды кенті, Бірлік көшесі. Тірі жануарлар өлекселермен бір қорада тұр. Көптеген жылдар бойы мәселе шешілмеді. Дәлірек айтқанда, біз ол туралы бүгін ғана білдік! Біз жағымсыз иіс, қорадағы кірден, тазалық болмағанынан шығады деп ойладық. Бүгін қарасақ, бұл жерде тірі мал мен өлекселер бір қорада ұсталады екен. Тұрғындар шара қолдануды сұрайды!"- делінген видеоның жазбасында.

Сонымен қатар, пікір білдіруші тұрғындар шағым түсіргенін, бірақ нәтижесіз екенін хабарлады. Осындай лас қорасы бар шаруасын жиырма жылдан бері шошқа етін саудалап кете жатқаны да айтылды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?