Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Америкадағы алғашқы қазақ балабақшасы

03 мамыр 2024 282

Американың Калифорния штатында алғашқы қазақ балабақшасы ашылды, – деп хабарлайды alash.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

АҚШ-та білім орталығын құру туралы идея отандасымыз Жанна Атабековаға тиесілі. Оның айтуынша, енді Кремний алқабында тұрып, жұмыс істейтін қандастарымыз өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды сіңіріп, қазақ тілін үйрете алады.

Сондай-ақ балабақшаға Қазақстаннан келген иммигранттармен қатар қырғыз және америкалық отбасылар да балаларын бере алады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?