Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"40 ноутбук". Астанада студенттерді алдаған алаяқ ұсталды

03 мамыр 2024 251

Астанада алаяқтықпен студенттердің ноутбуктерін алып қойған 21 жастағы азамат ұсталды деп хабарлайды alash.kz.

Полицияның дерегінше, күдікті “уақытша пайдаланамын” деген желеумен достарынан ноутбук алуды әдетке айналдырған. Осылайша, жігітке тапсырыс берушілер аптасына 20-30 мың теңге жалға алу ақысын төлеп, ноутбуктерді алып отырған.

Ақшаға жалға алушы туралы қауесет студенттер арасында тез тарап, олар еш ойланбастан алаяққа қымбат құрылғысын беріп отырған. Жас жігіт болса, барлық ноутбукті ломбардтарға сатып, түскен ақшасын интернеттегі ойынға бәс тігуге қойып, ұтылып қалған.

 

"Қазір Алматы ауданының полицейлері елордадағы ломбардтардан ұрланған ноутбуктердің басым бөлігін тәркіледі. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жігіт кінәсін мойындап, қамауға алынды. Полицейлер оның елордадағы осындай алаяқтық істерге қатысының бар-жоғын тексеріп жатыр. Қалалық полиция департаменті азаматтарға бұл қылмыс үшін Қылмыстық кодекс аясында мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді", – деді Астана ПД баспасөз қызметі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?