Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркіменстанда Бердімұхамедовтің суреті бар сағаттарды күштеп сатып алғызып жатыр

04 мамыр 2024 220

Түркіменстанда шенеуніктерді Бердімұхамедовтің суреті бар сағаттарды сатып алуға мәжбүрлеп, міндеттеп жатқаны мәлім болды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

"Азаттық" радиосының хабарлауынша,  Түркіменстан экс-президенті Гурбангулы Бердімұхамедов пен оның ұлы, қазіргі басшы Сардардың суреті бар қол сағаттарды бюджеттік ұйым басшыларының бәрі сатып алуға міндетті.

Атап айтқанда, "қос ардақтының" бейнесі бедерленген сағаттарды денсаулық сақтау, білім беру, күш құрылымдары, көлік және байланыс кәсіпорындары, аймақ басшылары да қымбат сағатты сатып алуға мәжбүр. 

Қызметі жоғары басшылар екі сурет жапсырылған 3000 манаттық (858 доллар) сағаттан алады, ал шағын бюджет ұйымдарының жетекшілері арзан сағатқа 1500 манат төлейді.

Сол жердегі мектеп директоры бұған қатысты: 

«Мына сағаттарды Қытайда тапсырыспен жасатқан, сосын оларды елге алып келіп, халықты сатып алуға мәжбүрлейді. Сағат саудасын ұлттық қауіпсіздік министрлігінің органдары арқылы бақылайды» дейді. 

Негізінен алғанда, БАҚ Түркіменстандағы жеке басқа табыну дәстүрінің баяғыдан қалыптасып, тамыр жайғаны жайлы жиі жазады. Елде президент суреттері бар сағаттар үнемі шығарылып тұрады. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?