Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Су тасқынан зардап шеккен кей өңірлердің оқушылары ТЖБ мен БЖБ тапсырмайды

20 сәуір 2024 138

Эвакуациялық пунктердегі 4 мыңға жуық бала тұру және оқу үшін қолайлы орынжайларға ата-аналарымен бірге орналастырылды, оның ішінде 600-ге жуық оқушы сауықтыру орталықтарына, 2 мыңға жуық бала колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларына, 600-ге жуық бала республикалық маңыздағы инновациялық мектеп-лицей жатақханаларына орналастырылды. Бұл туралы ҚР ОАМ ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы ОКҚ брифингінде хабарлады, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Резерв ретінде балалар мен олардың ата-аналары үшін қосымша 7094 орын әзірленді. Оқушылар қажетті оқу құралдарымен, тамақтанумен және киіммен қамтамасыз етілді. Қазақстан темір жолымен бірге балаларды сауықтыру орталықтарына тегін тасымалдау ұйымдастырылды. 

«Сонымен қатар, зардап шеккен өңірлердегі балалар үшін емтихан тапсыру мерзімдері қайта қаралды. Бұдан бұрын Ақтөбе және Атырау облыстарында ТЖБ мен БЖБ өткізілмейтіні хабарланды. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысының зардап шеккен елді мекендерінде тұратын балалар үшін де ТЖБ мен БЖБ алынып тастау туралы шешім қабылданды. Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында шешім жағдайға қарай қабылданатын болады», - деді спикер.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?