Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қостанайда көмекке жеткен ұшақ аударылып, суға батты

04 мамыр 2024 435

Қостанайда көмекке жеткен ұшақ аударылып кетті, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Қостанай облысының су басқан аймағында қалған науқасты құтқаруға барған санитарлық авиация ұшағы апатқа ұшырады. Әлеуметтік медиада 3 мамыр күні тараған видео кадрларынан көмекке кеткен ұшақтың бағытынан жаңылып, топан суға түскенін бағамдауға болады. 

“Адырна” ұлттық порталының хабарлауынша, жағада оларды жедел жәрдем көлігі күтіп тұрған. Жағдайдан соң дәрігерлер ұшаққа жөпелдемеде жаяу жеткен. Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл еріген судан пайда болған су тоғаны болған. Ол жерде шынымен де су көп емес болатын.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы санитарлық авиацияның қатысуымен болған төтенше жағдайға байланысты түсініктеме берді. Олар таңертең медициналық авиацияның электронды поштасына миокард инфарктісі диагнозымен 1964 жылы туған науқасты тасымалдау туралы өтініш түскенін айтты.

«Науқасты Қостанай облыстық ауруханасына жеткізу үшін сағат 16:09-да құрамында екі ұшқыш, дәрігер және фельдшер бар санитарлық авиация бригадасы Арқалық қаласына ұшты. Алдын ала болжам бойынша – екпінді желдің салдарынан – Ұшу кезінде санитарлық авиация ұшағы аударылып кетті», – делінген хабарламада.

Санитарлық авиация бригадасы зардап шеккен адам жоқ, олар медицина қызметкерлерінің бақылауында деп баяндады. Науқас Арқалықтағы ауруханаға жеткізілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?