Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кітап алатын балаларды бұл кітапханада артық құрметтейді - Әлихан Бөкейхан

23 сәуір 2024 81

Нию-Йорк - Америкада біздің орыстың Москвасы сияқты қала, осы қалада Астур һәм Карнеги деген байлар салғызған кітапхана бар, бір қалада кітап қырық жерде оқуға беріледі. Бір адам болса я алты сом аманат берсе, сұраған кітабы екі-төрт жұмаға беріледі. Бұл кітапханада табылмайтын кітап болмайды.

1912-ші жылы екі жүз он жеті мың тоғыз жүз жетпіс сегіз кісі - жеті миллион тоғыз жүз алпыс тоғыз мың алты жүз алпыс төрт кітап алып оқыған.

Кітап алатын балаларды бұл кітапханада артық құрметтейді. Өткен жылы балалар алып оқыған кітап екі миллион тоғыз жүз елу тоғыз мың қырық төрт.

Соқырларға беретін кітаптар өз алдына. Соқыр кітаптарын қолмен сипат оқитын әріппен бадырайтып басқан бұл кітапханада соқырды оқытатын медресе тағы бар.

Кітапхананың отыз миллион сом ақшасы болып, бір жылғы шығыны екі миллион екі жүз сексен сом, мұнда бір миллион екі жүз отыз екі сомын Нию-Йору қаласы береді.

Бір жылғы сатып алған кітапқа ұстаған ақша бір жүз қырық мың төрт жүз жеті сом. Қызмет қылатын тоғыз жүз жиырма жеті кісісі бар.

Қыр баласы.

«Қазақ» газеті, №16, 1913 жыл

Дереккөз: Бөкейхан Әлихан Нұрмұхамедұлы (1866-1937).

Шығармаларының 9 томдық толық жинағы.5 том.– Астана, 2013.

Alash.kz ұлттық порталы

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?