Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мен неге кадет партиясынан шықтым? - Әлихан Бөкейхан

19 сәуір 2024 140

Кадет партиясы жер адамға меншiктi болып берiлсе де, жөн дейдi. Бiздiң қазақ жердi меншiктi қылып алса, башқұрдша көршi мұжыққа сатып, бiраз жылда сыпырылып, жалаңаш шыға келедi!

Кадет партиясы Ұлт аутономиясына қарсы. Бiз, Алаш ұранды жұрт, жиылып, Ұлт аутономиясын тiкпек болдық.

Франсұз, орыс һәм өзге жұрттың тарихынан көрiнедi - молла үкiметтен ақша алса, сатылып кетедi, рухани iс аяқ асты болады. Жалование алған моллалар үкiметке жетекшiлік болып, ерiп кетедi.

Бiздiң қазақ-қырғыз дін iсiн көркейтетiн болса, үкiмет iсiнен бөлiп қойған оң болады.Орысша оны «отделение церкви от государства» дейдi. Кадет партиясы менiң бұл пiкiрiме өзгеше қарайды.

Осы үш жол айрылғаны биыл жазда ашыққа шықты. Мен сонан соң қазаққа Алаш партиясын ашуға кірістім. Мен мұны июльдегi Жалпы қазақ сиезiнде айтқан едiм.

Ғали хан.

«Сарыарқа» газеті, №29, 25 қаңтар 1918 жыл.

Дереккөз: Бөкейхан Ә. Шығармалары. X том.-Астана, 2018

Alash.kz ұлттық порталы

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?