Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Швециядағы ашық алаңда полицияны арқаланған әйел Құранды өртеп жіберді

04 мамыр 2024 629

Швецияда Құран өртеуге қатысты тағы бір науқан ұйымдастырылды. Әйел алаңда полицияның қорғауымен мұсылмандардың қасиетті кітабын өртеп жіберді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы A Haber түрік телеарнасына сілтеме көрсете отырып.

"Швециядағы тағы бір анайы әрекет. Швецияның астанасы Стокгольмде исламға қарсы Джейд Сандберг есімді әйел полицияны саялап, Қасиетті Құранды өртеп жіберді", - деп хабарлады телеарна. 

Естеріңізде болса, Швецияның SVT телеарнасы ел полициясына 3 мамыр күні, елдегі "Евровидение" ән байқауы басталардан бір күн бұрын, Құран өртеуге қатысты акция өткізуге тағы бір өтінім түскенін хабарлады.

Бұған дейін Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы және оның көптеген мүшелері Құранды өртеп жіберген акцияларға қатаң үкім шығарды. Швеция билігі мұндай акцияларға рұқсат беретін қоғамдық тәртіп туралы заңды қайта қарауға көшетінін мәлімдеді. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?