Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресейде жасөспірімдер Библияны өшпенділікпен өртеп жіберді

04 мамыр 2024 590

Ресейдің Ставрополь аймағында Библияны өртеген жасөспірімдер ұсталды. Сенімді қорлау бойынша айыпталшылардың үстінен іс қозғалы, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктілер "бұзақылық ниетпен" және "діни өшпенділік негізінде" кітапты өртеп жіберген. Олардың үстінен діни наным-cенімді қорлау туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ведомствоның хабарлауынша, жақын арада жасөспірімдерді жөнге салатын шаралар жүзеге асады. 

Ставрополь өлкесінің губернаторы Владимир Владимиров өзінің телеграм арнасында жасөспірімдердің кешірім сұрайтын бейнеролигін жариялады. Ол "кешірім сұрау маңызды" деп мәлімдеді, бірақ "жасағанын мұнымен жуып-шая адмайтынын" да жеткізді. "Жігіттер өздеріне және отбасыларының атына күйе жақты", — деді губернатор.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?