Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дүңгіршектен шыққан дүмпу. Астанада жарылыс болды

04 мамыр 2024 121
Астананың Байқоңыр ауданында қоғамдық тамақтану орыны, донер дайындайтын дүңгіршек өртеніп жатыр. Қызыл жалынның қызуынан төрт газ баллоны жарылған, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнында елордалық құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

"Өртті сөндіруге жеке құрамның 20-дан астам адамы және 4 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылды", делінген хабарламада.
Зардап шеккендер туралы әлі хабарланған жоқ. Қазіргі ақпарат бойынша онда 4 газ баллоны жарылған.

ҚР ТЖМ хабарлауынша, донер дүңгіршегіндегі өрт оқшауланған. Алдын ала жану алаңы 80 ш.м. болғаны айтылды. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?