Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Су тасқыны: БҚО-да 7 мың адам туыстарының үйінде, 4 мың тұрғын үйіне оралды

03 мамыр 2024 255

Батыс Қазақстан облысында табиғи апат салдарынан 7 мыңнан аса тұрғын туған-туыстарының үйін паналап жүр. Бұл туралы БҚО ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш айтты.

Оның айутынша, өңірдегі Жайық өзеніндегі судың деңгейі күн сайын төмендеп келеді.

Соңғы тәулікте су 7 см-ге дейін түсті. Қазір өзендегі судың деңгейі – 8 метр 6 см. Жалпы, облыста 11 жолды су шайып кету қаупі бар. Жағдай бақылауда. Сондай-ақ 2 елді мекенмен көлік байланысы үзілген. Олар Ақжайық және Теректі аудандарында орналасқан, - деді Нұржан Төлеуіш ОКҚ-да өткен брифингте.

Ресми өкіл тасқын салдарынан 7 мыңнан аса адамның тусынан көмек сұрауға мәжбүр болғанын атап өтті.

Жалпы, тәулік бойынша эвакуацияланған адамдар жоқ. Табиғи апат басталғалы бері 14 мың 78 адам эвакуацияланды. Оның 5 813-і – бала. Бүгінде өңірдегі 12 эвакуациялық пункте 2 324 адам тұрып жатыр. Оның 1 014-і – бала. Туған-туысқандарының үйлеріне 7 409 адам орналасқан. 4 345 адам үйіне оралды, - деді ол.

Қазір 1 млн 209 мыңнан аса текше метр еріген қар суы сорылып, тасқынға қарсы 1 млн 301 мыңнан аса қап, 26 мың 45 тонна инертті материал төселген.

Сондай-ақ авариялық құтқару жұмысына 8 899 адам, 177 техника, 24 су сору құралы, 19 жүзу құралы, 1 әуе кемесі жұмылдырылған.

Облыста жергілікті ауқымдағы 6 төтенше жағдай жарияланды. Ол әлі күшінде. Қазір Тайпақ ауылында су деңгейінің көтерілгені байқалады. Соңғы тәулікте ондағы судың деңгейі 55 см-ге көтерілді, қазіргі деңгей – 8 метр 5 см, - деді Нұржан Төлеуіш.

Бұған дейін СҚО-да 500 үй салынатыны хабарланған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?