Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Cұрмерген сұлулар". Қазақстанның садақшы әйелдер құрамасы тарихи жеңіске қол жеткізді

24 сәуір 2024 90
Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан садақ атудан әлем кубогі кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Блоктық садақ атудан әйелдер арасындағы командалық жарыста Қазақстан Эстонияны 231:224 есебімен жеңіп, қола медаль иеленді. 

Одан бөлек, ширек финалда қазақстандықтар Оңтүстік Кореяны 234:230 есебімен ұтып, жартылай финалда Италия құрамасына бір ұпай айырмасымен есе жіберген. 

Айта кетейік, әлем кубогі кезеңінде Қазақстан намысын Адель Жексенбинова, Виктория Лян және Айжан Сейдахметова қорғады. 

Бұл - садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасының әлем кубогі кезеңдерінде жеңіп алған алғашқы жүлдесі. Бұған дейін біздің команда кубоктік сындардан мүлде медаль алмаған еді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?