Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қайдағы жедел-жәрдем!" Бишімбаевқа қатысты сотта көріпкел істің қалай насырға шапқанын баяндады

24 сәуір 2024 637

Бишімбаев көріпкердің жедел-жәрдем шақырайық деген ұсынысынан бас тартқан. Ол "Қандай жедел-жәрдем! Ол өз-өзіне келеді! Бәрі жақсы екенінін, өз жақсы сезінетінін маған жазыңыз", - деп айтқан, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Мұның бәрі сотталушының көріпкелге қоңырау шалып, "Салтанат екеуміз қатты мас болып төбелескенбіз" деп айтуынан басталған. Көріпкел Бишімбаевтың ішімдік ішкенін дауысынан-ақ түсінген. Көріпкел оның сөздерін байыпты түрде қабылдамағанын жеткізді.

Көріпкел Бишімбаевтан неге оған қоңырау шалғанын сұрап, жедел жәрдем қызметіне жүгінуге кеңес берген. Бишімбаев көріпкелге жұбайымен не болып жатқанын "көруді" ұсынған. Ол көріпкелге 8 рет қоңырау хабарласқан. Алайда көріпкел телефонын көтермеген.

Кейіннен Бишімбаев оған жаза бастаған. Гүлнар оны "адам төзгісіз" әрекетке барады деп атады.

"Оған төзу мүмкін емес. Ол үнемі қоңырау шалды, мен телефонды ала алмадым, ол жаза бастады, жаза бастады. Ол: "қандай жедел_жәрдем! Ол өз-өзіне келеді", - деп айтты.

Астанада әйелін азаптап өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін сотта Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні айыпталушы хабарласқан көріпкелден жауап алынып жатыр. 

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?