Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мені қалай қорласа, оны да солай қорлағым келді". Бишімбаев Салтанатты не үшін видеоға түсіргенін айтты

22 сәуір 2024 502

Бүгінгі сот отырысында Қуандық Бишімбаев қайғылы оқиға болған түні Салтанатты не үшін видеоға түсіргенін түсіндірді.

Сот кезінде судья Айжан Құлбаева Бишімбаевтан видеоларды не үшін түсіргенін нақтылап сұрады. 

"Бұл видеоларды қалай да әсер ету үшін түсірген жоқпын. Шынымды айтсам, неге олай істегенімді түсіндіре алмаймын. Мені қалай қорласа, оны да солай қорлағым келді", - дейді Бишімбаев.

Бүгінгі сот отырысында Бишімбаевтың телефонынан әдепсіз сөздер естілгенін айта кетейік. Сот отырысы барысында судья Айжан Құлбаева Бишімбаевтың ұялы телефонынан суреттер мен видеоларды қарады. Оның сөзінше, видеолардағы уақыт 8-9 қараша күндері деп көрсетілген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?