Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тасқыннан кейінгі таң. Ақтөбеде суға кеткен аша тұяқ үшін өтемақы төлене бастады

20 сәуір 2024 163

Ауыл шаруашылығында шығынға ұшыраған аша тұяқ иелеріне өтемақы төлене бастады. Су тасқыны салдарынан өлген 165 бас мал үшін 25 миллион теңге аударылған, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Ақтөбе облысының әкімдігіне сілтеме көрсете отырып.

Облыс әкімдігінің дерегіне сенсек, өңірде 3232 бас мал өлді деген дерек тіркелген. Өртелген 3120 малдың көбі арнайы құрылғымен, яғни инсенератормен жойылған.

Бір айта кетерлігі, мал иелеріне өтемақы төлеу басталды. 165 бас малға 25 миллион теңге қаражат бөлінді. Өтінімдерге сәйкес барлығы өтеледі. Шығынның дені – Ойыл ауданында, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай.

Ойыл ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Асхат Шахаров мал өлекселерінің утилизациялау барысымен танысты.

Қазірге дейін мал шығыны тіркелген 6 ауданның бесеуінде өлекселерді өртеу жұмыстары толықтай аяқталды. Бұл шараларға республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың 19 қызметкері мен облыстағы мамандар тартылған.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Айбек Сембайдың айтуынша, көмілген өлекселердің ауаға еш зияны жоқ. Өртенген мал өлекселерінің күлі ор-шұңқырларға топырақпен көмеді. Мұнда дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?