Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Еурокомиссия Украинаға 1,5 миллиард еуро транш берді

24 сәуір 2024 84

Еурокомиссия ЕО тарапынан Украинаны қолдаудың жаңа жолын жүзеге асырып, Киевке екінші мәрте 50 млрд еуроға екінші транш бөлді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Еуропалық комиссия 24 сәуір, сәрсенбі күні Украинаға жалпы сомасы 50 миллиард еуроны құрайтын қолдау пакетінін ашты. Қолдау "дорбасының" ішінен 1,5 миллиард еуро макроқаржылық көмек үшін екінші мәрте транш бөлетінін жариялады.
 
"Украина бәрімізге тән ауыр жүкті өз иығымен көтереді. Бүгін біз Ukraine Facility 50 миллиард пакетінің бір бөлігінен қосымша 1,5 миллиард еуро бөлеміз. Бұл агрессормен күресіп жатқан Украина мемлекетінің жүйелі жұмысын қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Еуропа біртұтас және шешуші қадамдардан тайынбайтын одақ болып қала береді", - деп түсіндірді транш Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Лейен (Ursula von der Leyen).
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?