Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шығыс Қазақстанда жер сілкінді

24 сәуір 2024 516
2024 жыл, 24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында жер сілкінісі болды. Сейсмологтардың айтуынша, дүмпу дәрежесі -2 балл, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, Эпицентр Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 760 км жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер асты дүмпулерінің уақыты – Астана бойынша 11:19.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.9.
  • MPV магнитудасы 4.4.
  • Тереңдігі 5 км.
  • Сезілген аймақ: Зайсан ауданы, Тасбастау ауылы 2 балл.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 4 наурызы, сағат 11:22-де Алматы қаласында қатты жер сілкінісі болды. Қала бойынша сиреналар "безек қақты". Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісінің күшін 5 баллға бағалаған еді.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?