Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әлия Назарбаеваға тиесілі Luxor фитнес орталығы 25 миллион долларға сатылмақ - БАҚ

21 сәуір 2024 349

Әлия Назарбаеваға тиесілі Алматыдағы Wellness Club Luxor фитнес орталығы 25 миллион долларға сатылмақ. Бұл туралы ҚазТАГ ақпараттық агенттігі хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Әлия Назарбаеваға тиесілі Luxor фитнес орталығы сатылмақ. Нысанның бағасы 25 миллион долларды құрайды», - делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Редакция қымбат мүлікті сатумен айналысатын риэлторлардың байланыс нөмірлері бар екенін мәлім етті.

Айта кетейік, Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ірі фитнес-орталықтың бірі құжаттарға сәйкес Назарбаева 2001 жылы негізін қалаған «Әлем ЛТД» (Alem LTD) ЖШС болып саналады. 2017 жылы аталған ЖШС Виргин аралдарында Svelte Investor Limited оффшорлық компаниясы ретінде қайта тіркеуден өткен. Өз кезегінде Әлия Назарбаева компанияны ресми түрде 2023 жылдың наурызында басқарған, бірақ 2023 жылдың 14 наурызынан бастап Әуелхам Назғұм Ахметжанқызы басшы болып тіркелді, ал 2024 жылдың ақпан айынан бастап басшы лауазымын Әмина Серікбайқызы Шапиева атқарып келеді.

Alash.kz ұлттық порталы

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?