Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресей биылдан бастап Қазақстанда жылу электр станциясын сала бастайды

17 сәуір 2024 129

Ресей және Қазақстан энергетика министрліктері Семей, Көкшетау және Өскеменде ЖЭО салу туралы үкіметаралық келісімге қол қойды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы kz.kursiv-ке ұлттық порталы сілтеме көрсете отырып. 

Бірінші жылу электр станциясының құрылысы биыл басталатынын Қазақстан тарапы хабарлады.

ЖЭО-ны "Самұрық-Энерго" мемлекеттік компаниясы мен ресейлік ИНТЕР РАО-Экспорт салатыны нақтыланады". Олар уәкілетті ұйымдар ретінде анықталды.

"Үш облыс орталығында, яғни Семей, Көкшетау және Өскемендеде үш жаңа ЖЭО-ны салу арқылы энергетикалық көмірдің мол қорын игеруге жол ашылады, олардың одан әрі дамуына қуатты серпін беруге мүмкіндік болады", - деп атап өтті Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Нақтылай кетейік, "Самұрық-Энерго" компаниясы 2024 жылы бірінші ЖЭО құрылысын бастау үшін арнайы жол картасын жасады. Естеріңізде болса, өткен жылы бірінші вице-премьер болған Роман Скляр құрылыстың Көкшетаудан басталатынын хабарлаған еді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?