Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мұндай талас-тартыс заманда «Құдай өзі жеткізер» деп қарап отырған жұрт жұртта қалады...

22 сәуір 2024 95

Һәр жұрт өз қамын өзі ойлап, өз керегін өзі таппаса, біреу үшін біреу қызмет қылмайды. Мұндай талас-тартыс заманда «Құдай өзі жеткізер» деп қарап отырған жұрт жұртта қалады. Соның үшін бізде қатардан қалмасқа қам қылған болып жатырмыз. Бірақ қам қылудың белгісі - «Ах, ух, сөйтсек, бүйтсек...» деген сарыуайым емес, белсеніп іске кірісу. Алдымызда таудан үлкен, тастан ауыр жұмыстар. Не істеймін, қай жағынан бастаймын деп сасатын емес. Есебіміздің бәрі соны.

Негізгі істің бірі һәм бірегейі оқу-оқыту ісі бізде не күйде екені белгілі.

Бұл күнге шейін белгілі бір іске арналып отырған қызметкерлеріміз жоқ, мұнан кейін бұрынғы әдетті тастап, етікшіге етік тіктіріп, балташыға ағаш шаптыру керек.

Қазір әр облыста ашылып жатқан земстволарға һәм 5 декабрьде Орынборда болатын жалпықазақ съезіне мынадай жобаны көлденең тартамын.

Бүкіл қазақ болып ... оқу комиссиясын құру ...

Комиссия дайым бір қалада ... жұмыспен алаң болмай, ... істейтін істері мынау болсын.

1) Бастауыш һәм орта мектепте оқытатын оқу құралдар...

2) Мектептерге программа ...

3) Мұғалімдерге қалай оқыту тәсілдерін үйрететін жол басшы ... жазсын.

4) Тәрбие жайынан кітаптар шығару ...

5) Бүкіл қазаққа оқу ісін жүргізу туралы жоба ...

6) Қазақ емлесін тексеріп өтсін һәм басқалар.

Оқу туралы қызметті қазірден бастамасақ, біздің ісіміз алға баспайды. Өзгені кешеулетсек те, қызметті несиеге қаратпалық.

Міржақып Дулатұлы

«Қазақ» газеті, 1917 жыл, №251

Дереккөз: Дулатұлы М., Алты томдық шығармалар жинағы.2-том. - Алматы, 2013 ж.

Alash.kz ұлттық порталы

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?