Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Антикор негізсіз жұмсалғалы жатқан 4 миллиард теңгенің алдын алды

22 сәуір 2024 220

Жемқорлыққа қарсы еріктілер 4 миллиард теңгеден аса қаражаттың негізсіз жұмсалуының алдын алды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Сарқұлов белсенді және бей-жай қарамайтын азаматтар мемлекетіміздің дамуындағы маңызды факторға айналып жатқанын мәлімдеді.

"Бүгінде еріктілер қатарына 3 мыңға жуық адам кірді. Олардың жұмысының арқасында 4 миллиард теңгеден аса сомаға тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде бағаны көтерудің алдын алды", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Бас прокуратура заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтарған болатын.

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен арнайы комиссия соңғы отырысының қорытындысы бойынша 24 миллиард теңгенің активтері мемлекетке қайтарылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?