Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өзбекстан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жөнелтті

20 сәуір 2024 262

Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар үшін Өзбекстан мемлекеті гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Өзбекстаннан Қазақстанға бағыт алған жүк көліктерінің ұзын саны - 15.

15 жүк көлігі азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын және гигиена құралдарын, шатырлар мен резеңке қайықтарды жеткізеді, деп хабарлайды Өзбекстан Министрлер Кабинетінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, күні кеше Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде «Жәрдем керуені» атты гуманитарлық жүктің екінші партиясын жөнелтті. 

Ақпаратқа сәйкес, екінші гуманитарлық жүк Қырғызстанда өндірілген сүт өнімдерінен тұрады. Атап айтқанда,10 мың литр айран, 14,2 мың қорап қаймақ, 10 мың литр сары май мен өсімдік майы, 20 тонна голланд ірімшігі, 80 тонна майсыздандырылған құрғақ сүт.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?