Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мусин қызметінен кеткен министрлікте жасанды интеллект комитеті құрылды

04 мамыр 2024 152

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жанынан жасанды интеллект және инновацияны дамыту комитеті құрылды. Үкімет тиісті қаулы жобасын жария етті, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Құжатқа сәйкес, жаңа ведомство жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуына, жасанды интеллект технологияларын дамыту саласындағы нормативтік-құқықтық реттеуді әзірлеуге және жасанды интеллект саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыруға жауап береді. 

Мұнан бөлек, Үкімет қаулысымен аталған министрлікке қарасты Геодезия және картография комитеті таратылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?