Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жайық өзені кемерінен асып, төңірегіндегі елді-мекендерге қауіп төндірді

21 сәуір 2024 112
Батыс Қазақстан облысындағы ахуал күрделі, су тасқынына қарсы жұмыстар күшейтіліп жатыр. Орал қаласы маңындағы Жайық өзенінің деңгейі 852 сантиметр болып,шектік деңгейден (850 см) асты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Оралдың төрт ауданында су тасқынына қарсы жұмыстар күшейтілді. 10 мыңнан астам техника, 2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды, 11 мыңнан астам адам су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізіп жатыр. Бұл хақында ОКҚ брифингі хабарламасында айтылды.

"Батыс Қазақстан облысында барлығы 13 мыңнан астам адам эвакуацияланды, оның 6 мыңға жуығы бала", дейді облыс әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Ержан Тәткен.

Батыс Қазақстан облысының 11 елдімекенін Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты су басу қаупі бар, деп хабарлаған еді ТЖМ 20 сәуірдегі хабарламасында.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?