Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбенің Қобда ауданында тасқынынан зардап шеккендерге салынатын үй құрылысы басталды

17 сәуір 2024 173

Ақтөбенің Қобда ауданында жаңа үйлер салынатын жер бөлініп, қазығы қағылды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы "Астана" телеарнасына сілтеме көрсете отырып. 

Ақпаратқа сәйкес, құрылыс екі айда бітуі тиіс. Баспанасы суға кеткен тұрғындар үшін 129 жаңа үй бой көтереді. Оның 102-сі аудан орталығында, жиырма жетісі- Жарық ауылында. Құрылыс жұмыстары 15 мердігер мекемеге жүктелген. Қазір зауыттармен келісім жасалып кірпіш, блок тастар жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Мердігер мекемелерге өз қаражаттары есебінен жұмысты шұғыл арада бастап кету үшін бес, бес учаскеден бөліп бердік. Құрылыс жұмыстары жақын арада басталатын болады және екі ай ішінде максималды түрде қарқынды жұмыстарды атқарып аяқтайтын боламыз, - деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?