Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбеде 2007 жылы туған жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан секіріп қаза тапты

24 сәуір 2024 597

Ақтөбеде 2007 жылы туған қыздың көпқабатты үй шатырынан секіріп кеткені хабарланды. Қаза тапқан жан мұндай қадамға бармас бұрын хат жазып кеткен, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бүгін сағат 14:00–де болды.

Ақтөбе қаласы «Есет батыр» тұрғын алабында қыздың денесі табылған.

- Көпқабатты үйдің кіреберісінің алдында 2007 жылы туған қыздың мәйіті табылды. Алдын ала тергеу барысында оның үйдің шатырынан секіргені анықталды. Қыздың соңғы хаты бар. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?