Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші: Суға батып кетті деп ойлаған ер адам аман-есен табылды

23 сәуір 2024 461

Ақмола облысы ТЖД Атбасар ауданында суға батты деген ер адам тірі табылғанын мәлімдеді.

 

Жабай өзенінің тасуы салдарынан су басқан учаскеде 1977 жылғы ер адам батып кетті деген күдікпен кеше ақмолалық құтқарушылар шақырылған болатын.

Бірінші күнгі іздеу жұмыстары еш нәтиже бермеді. Бірақ бүгін таңертең ер адам бұталардың арасынан тірі, аман-сау табылды. Құтқарылған адам сүңгуір костюмдерін киген құтқарушыларды көріп қуанып кеткен. ТЖД қызметкерлері оны тамақтандырып, құрлыққа жеткізді. Ер адам жыра-жықпылдың арасында 1,5 күн отырған, – деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?