Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Илон Маск АҚШ-та Tik Tok-тың бұғатталуына қарсы шықты

20 сәуір 2024 270

Американдық миллиардер, X әлеуметтік желісінің иесі Элон Маск АҚШ-та сөз бостандығы қағидаттарына жүгіне отырып қытайлық ByteDance компаниясына тиесілі TikTok әлеуметтік желісіне тыйым салуға қарсы шықты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

"Менің ойымша, бұл Х платформасы үшін тиімді болғанымен, АҚШ-та TikTok-қа тыйым салудың қажеті жоқ. Мұндай шаралар сөз бостандығы принциптеріне қайшы келеді. Бұл Америка жақтайтын нәрсе емес", - деп жазды ол Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейңік, наурызда АҚШ Конгресінің Өкілдер Палатасы Tik Tok-қа тыйым салу туралы заң жобасын қолдады. Заң шығарушылар ByteDance-ке әлеуметтік желіні сатуға алты ай уақыт беруді ұсынады, әйтпесе АҚШ-та TikTok-қа тыйым салынуы мүмкін. Конгресс сонымен қатар болашақта кез келген "қарсыластар бақылайтын және басқаратын қосымшалар" үшін осындай шектеу шараларын енгізу туралы ұсыныс жасады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?