Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

509 400 000 теңге. Назарбаев тұрған 15 бөлмелі пәтер сатылымға шықты

19 сәуір 2024 408
Кеше Алматыда құны жарты млрд теңге тұратын пәтер сатылымға шықты деп хабарлайды alash.kz. Бұл туралы Қазақстандық заңгер Расул Рысмамбетов фейсбук парақшасында жазды. Ол Алматыда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бұрынғы бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев тұрған әйгілі үйде орналасқан пәтердің сатылымға шыққанын хабарлады. Ол Facebook парақшасында сатылымға шыққан пәтерде 90-жылдары Нұрсұлтан Назарбаев тұрғанын жазды.
 
Сәуірдің 18-і күні интернетте Алматыдағы Төлебаев көшесіндегі  15 бөлмелі пәтер сатылып жатыр деген ақпарат тарай бастайды. Пәтердің құны krisha.kz сайтында 509 400 000 теңге деп көрсетілген. Кейін ақпарат сайттан алынып тасталыпты. 
 
 
Қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетовтың айтуынша, Krisha.kz сайтында Төлебаев көшесіндегі үй 1969 жылы салынған, кірпіш үй деп көрсетеді. Пәтердің ауданы – 566 шаршы метр. Жағдайы – "жөндеуді қажет етеді" делінген.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?