Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда атақты фотограф қыз зорлағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды

24 сәуір 2024 116

Қазақстандық танымал фотограф зорлау дерегі бойынша сотталды,алайда ол өз кінәсін мойындамады, деп хабарлайды Аlash.KZ ұлттық порталы. 

Алматының Медеу аудандық сотында қазақстандық эстрада жұлдыздары, сондай-ақ Esquire, Elle Kazakhstan, Cosmopolitan, Harper ' s bazaar сияқты журналдар бірлесіп жұмыс істеген азамат Кенжеғұловқа қатысты сот үкімі шықты.

Фотограф зорлық дерегімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Зардап шеккен қыз Элинаның айтуынша, ол 2023 жылдың наурыз айында достарымен бірге барда демалған. Бір сәтте олардың жанына бір танысы жақындап, коктейль ұсынға. Нәтижесінде олар қатты мас болған. Содан кейін жігіт оны пәтеріне алып келіп, жартылай ес-түссіз күйде зорлаған. Қыз оған қарсылық көрсетуге тырысқаны айтылады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?