Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қазақ тілі міндетті емес». Қазақстандық банк даулы жазбасы үшін кешірім сұрап, түсініктеме берді

08 мамыр 2024 1413

«Қазақ тілі міндетті емес». Желіде тараған жазбада жұмысқа қабылдау талаптарының бірінде банк өкілдері осылай жазған. Бұл жазбаның скриншотын әлеуметтік желі қолданушылары жаппай тарата бастады.  деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы

Продюсер Қанат Айтбаев бұған қатысты:

«ForteBank, мынау не масқара? Мемлекеттік тілді аяқасты ете отырып, мемлекетке қалай қызмет етпексіздер? Әлде мемлекетті мойындамайсыздар ма?» — деп ашуланды Айтбаев.

«ForteBank» АҚ өкілдері бұл даудан кейін түсініктеме беруге мәжбүр болды.

Көп өтпей, банк өкілдері түсініктеме берді. «ForteBank» АҚ ресми өкілі Гүлнұр Аралбаева қателік кімнен кеткенін түсіндірді.

«Кешеден бері ел арасында наразылық пен түсініспеушілік тудырып жатқан ForteBank атынан қазақ тілі талап етілмеген бос жұмыс орны бойынша Headhunter сайтындағы хабарландыруға қатысты түсініктеме беруді жөн көрдік. Тіл мәселесі, оның ішінде қазақ тілі елімізде өте маңызды екендігін түсінеміз және орын алған осы жағдай үшін шын жүректен кешірім сұраймыз», — дейді Аралбаева.

Сондай-ақ банк мамандары шұғыл түрде тексеріс жүргізіп, роботтан қателік кеткенін анықтаған. Ал жауапты қызметкер жазаланған.

«Түсіндіре кетейік, Forte-де бос орын туралы хабарламаны жасанды интеллектке негізделген робот рекрутер автоматты түрде headhunter сайтына жібереді. Осы жолы да солай болды. Ал жауапты қызметкер хабарлама мәтінін тексермеген. Бұл өрескел қателік адами фактордың кесірінен орын алған. Қазіргі таңда кінәлі қызметкерлер тиісті жазасын алды», — дейді банк өкілі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?