Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өкінішке қарай қайта салып бере алмаймыз - Министр үйінен айырылғандарға не айтты?

23 сәуір 2024 393

Су тасқыны кесірінен бүлінген үй ауласын реттеуге мемлекеттің қауқары жетпейді. Бұл туралы Қанат Шарлапаев айтты.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқыны салдарынан бүлінген қора-қопсы мен үй ауласын қалпына келтіру бюджет қаржысы есебінен жүргізілмейтінін айтты.

Қазір тасқыннан зардап шеккендерге 100 АЕК (369 200 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) өтемақы берілді. Бірақ ауланы, қораларды және тағы басқасын қайта салып бере алмаймыз. Өйткені, басты мақсатымыз – халықты баспанамен қамтамасыз ету, — деді Қанат Шарлапаев.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?