Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жігіттің 30 жасында ешқандай жетістікке жетпеуі – ұят». Роза коучтың қыздарға айтқан кезекті кеңесі қызу талқыға түсті

08 мамыр 2024 492

Коуч, блогер, психолог Роза Әшірбаева әлеуметтік желіде пікір білдіріп, оқырмандардың сұрағына жауап берді. Ол ер-азаматтың отыз жасқа толса да, қандай да бір жетістікке жетпеуін ұятқа балап,сынады, деп хабардайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Коуч, психолог Роза Әшірбаевадан желі қолданушыларының бірі 30 жастағы жігіттің автобуспен жүруіне қатысты пікірін сұраған. Ол былай деп жауап берді: 

«Жасы 30-ға толған ер-азамат үй алу үшін, бизнеске ақша жинап, автобуспен жүрсе түсінуге болады. Ал егер ақшасын оңды-солды шашып, түк бітірмей автобуспен жүрсе онда мәселе болады. Кейбір жігіттер бар сондай. Үш күннен кейін айлығын жаратып, іші-жеп құртып тастайды. Бәрі бірдей емес. 30 немесе 35 жасқа жеткенде бизнес ашу үшін тірнектеп ақша жинап, үй алу үшін депозитке құйып жатса ондай жігіттерге “Жарайсың!” деп қана айтамыз. 30 жасында ешқандай жетістікке жетпеу, ауыз толтырып айтатын заты болмайтын ер азамат болу – ұят!

Сонымен қатар, желіде танымал психолог қыздардың емес, қазір жігіттердің қолы бос, ойсыз екенін айтып, айыптады: 

Қыздарға қарағанда жігіттердің қолы бос. Студент кездерінде түк ойламай жүреді. Сосын көзді ашып-жұмғанша 30 жасқа толғанын сезбей қалады. Мақсаты айқын болуы керек», – дейді коуч.

Мұндай пікірге қатысты көпшіліктің көзқарасы сан қилы екені байқалады. Желі қолданушылардың пікірі екіге жарылды. Бірі психологты сынаса, екінші топ айтқанымен келіскен. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?