Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Депутаттарға не үшін жәрдемақы төленеді?

07 мамыр 2024 468

Қазақстанда мәслихат таратылған жағдайда депутаттарға жәрдемақы төлеу ұсынылады, деп хабарлайды alash.kz сайты Ulysmedia.kz-ке сілтеп.

Мәжіліс депутаттары "Ақ жол" партиясы атынан премьер-министрге жолдаған сауалхатында мәслихаттардың әкімдіктерге тәуелділігіне наразылық білдірген. Өз жауабында Олжас Бектенов ұсынылған тың нормалар бұл мәселені шешетінін хабарлаған.

Мәслихат таратылған жағдайда депутаттың өкілеттігі тоқтатылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде ай сайынғы төлемді көздейтін норма ұсынылады, - делінген жауапта.

Сондай-ақ штаттан тыс жұмысшылар санын қысқарту есебінен мәслихаттар штатын кеңейту ұсынылады. Парламентке түзетулер биыл енгізіледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?