Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Байден құжатты "асыға күтіп отыр". АҚШ Өкілдер палатасы Украина әскеріне көлемді қаржы бөлуді мақұлдады

21 сәуір 2024 135

АҚШ Өкілдер палатасы араға көп апта салып Украинаны қолдауға, шамамен, 61 миллиард доллар бөлетін заң жобасына сенімді түрде дауыс берді. Заң шығару процесі аяқталғаннан кейін Вашингтон билігі Киевке қажетті әскери қажеттіліктерді қайтадан жеткізе алады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Заң жобасын демократтар да, республикашылар да қолдады. Атап айтқанда, 311 конгресмен "қолдап", 112 "қарсы" дауыс берді. Демократтар арасында Украинаға барлық 210 қатысушы көмектесті. Республикашылар арасында 101 адам "қолдап" дауыс берді, бірақ жартысынан көбі,яғни, 112 конгрессмен "қарсы"болды.

Бюджеттік сұранысты Сенат қайта бекітуі кере.Украинаға көмек көрсетуді Сенаттағылар да қолдайды деп күтіліп отыр. Сенаттың көпшілік көшбасшысы демократ Чак Шумер әлеуметтік желілерде сенаторлар "сейсенбіде бірінші дауыс беруді аяқтайды"деп жазды. Дегенмен, бұл соңғы дауыс беру сатысы емес.Келесі аптада заң жобасы Сенаттың қарауынан өтеді деп күтілуде.

Содан кейін оған президент Джо Байден қол қоюы керек. Ол бір сөзінде құжат қолына түскен бойда мақұлдайтынын айтып, ағынан жарылған еді.

Орайы келгенде айта кетейік, Украинаны қолдау туралы заң жобасында жалпы сомасы 60,84 миллиард доллар шығын қарастырылған. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?