Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ресей мүддесін қорғау үшін жасап отыр". "Парасаттықтардың" көздегені не?

19 сәуір 2024 304

DALA INSIDE телеграм арнасы "Парасат" операциясы туралы жазды. "Ресей ТЭЦ-ті реттегеннен кейін Теңіз мұнайына ауыз салады" дейді арна дереккөзі. 

Инсайдер "Қазақстанды толық өз орбитасында қалдыру үшін Ресейге қазақ мұнайына иелік ету қажет. ФСБ жабық докладтарында "Шеврон мен Тоталдың Қазақстанға келуі Ресей лоббиінің салғырттығы" деп бағаланған. Енді алдағы 2-3 жылда Ресей өзі қаржыландыратын ақпараттық агенттер арқылы Қазақстандағы американдықтарға қарсы қаралау кампаниясын жүргізбек.

Батыс облыстарда "Мас американдық Атырауда қазақ қызын зорлады", "АҚШ Қазақстанды "гейлерге тиіспе" деп қысымға алып жатыр" деген тұрмыстық сценарийлер ойластырылатын болады. Дереккөз сөзінше, халық бір шулағаннан кейін, қоғамдық қозғалыс құрылып, ол "Шевронның кетуін" талап етіп, шерулер ұйымдастыру жоспарланған.



Дала Инсайдтың жазуынша, операцияның алғашқы кезеңінде «Парасат» кәсіпкерлер альянсының үйлестіру кеңесі лоббистік қадам жасады. Олар Президентке Ресейдің батыста бұғатталып жатқан активтері есебінен Шеврон, басқа да батыс инвесторларының Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарындағы үлесін сатып алуды ұсынып отыр. Сонда мұнай саласына қазіргі батыс компанияларының орнына Ресей келсін деген ұстаным айтылды. Онымен бірге, Қазақстан Ресей ақшасын бұғаттан шығара алса, Росатом бізге АЭС салып бере алады деген идея көтеріп отыр.

"Парасат" кәсіпкерлер альянсын даулы кәсіпкер Олег Пак басқарса, оның үйлестіру кеңесінің төрағасы - Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи. Ал мұнайға қатысты бастама ресейшіл сарапшы Олжас Байділдинов тарапынан көтерілген. Оның есебінше, қазіргі контракттар ел бюджеті үшін мүлде тиімсіз.

"Кез-келген утопиялық ұсыныс белгілі бір дәрежеде ой тастауға бағытталған. Оны Парасаттағылар жақсы біледі және маневрларын Ресей мүддесін қорғау үшін жасап отыр", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.



Батыс Ресейдің 300 миллиард долларға парапар алтын-валюта резервін бұғаттады. Оны Ресей басқара алмайды. Бұғатталған ақшаны шешу тіпті сондай шешім қабылданса да бірнеше жылдарға созылатыны белгілі. Сондықтан Ресей бұғатталған қорды Қазақстан атына аударады, сол кезде Батыс ақшаны шешіп бізге береді деген іске аспайтын бос сөз. Батыс ол 300 миллиард долларды ешкімге берейін деп отырған жоқ дейді Дала Инсайд.

Шеврон контракты аяқталуға жақындап қалған сайын Орталық Азиядағы текетірес бәсі жоғарылап барады. Ресей ашық лоббимен белсенді қимылдай бастады. АҚШ та өз қарымта қадамын жасайтыны анық. Мұндай істе олар өте шебер.

Дала Инсайд Ресей де, АҚШ та осы ретте қазақтілді депутаттарды пайдаланып қалуға мүдделі. Жыл аяғында қай депутаттың қай алпауыттың етегінен ұстағаны белгілі болмақ деп жазды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?