“Алаш” тарихи-этнологиялық ғылыми журнал өзі аттас ғылыми-зерттеу орталығының мерзімді басылымы болып табылады, яғни оның құрылтайшысы “Алаш” қорының тарихи-зерттеу орталығы. Журнал 2005 жылдың тамызынан бастап, екі айда бір шығарылып келеді. 2006 жылдың қыркүйегіне дейін журналдың жеті саны жарық көрді. Оның таралымы – 1000 дана, шартты көлемі - 2 баспа табағы, форматы 70х104/16. Басылым Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі, ақпарат және мұрағат комитетінде тіркелген. Тіркеу номері 6244-Ж. Журналдың халықаралық тіркелу және баспада жариялану құқығына сәйкес номері бар. Ол – ISSN 1818 - 9024. Мерзімді басылымның редакциялық алқасы және ғылыми кеңесі құрамы төмендегідей: бас редакторы – Х.М.Ғабжалилов - Қазақстан Республикасы әлеуметтік ғылымдар Академиясының құрметті академигі;
Журналдың мазмұны “Алаш” тарихи-зерттеу орталығының “Қазақ ру-тайпаларының тарихы” жобасы аясында дайындалатын еңбектермен үндес. Сол еңбектерді көпшілік қауымға таныстыратын, оқырманмен арадағы қарым-қатынасты байланыстырушы құрал іспеттес.
Мерзімді басылымның басты мақсаты қазақтың ру-тайпаларының тарихына қатысты ғылыми зерттеулерді жариялау болғандықтан оның айдарлары халықтың өткеніне байланысты тарихи деректерді, ата-бабаларымыздың қоныс тепкен орындарын, салт-дәстүрін, тарихи тұлғаларын т.б. көрсетуге бағытталған. Басылымда этнология, этноним, тарихнама, отарлау саясаты, ислам тарихы мәселелеріне де жете мән беріледі. Сондықтан да оның айдарлары негізінен мынадай болып келеді: “Сұхбат” немесе “дөңгелек үстел”, “Беделділер сөйлейді”, “Тарихи тұлғалар”, “Ру-тайпалар құпиясы”, “Ата-баба жұрты”, “Қазақты құраған тайпалар”, “Азаттық үшін алысқандар”, “Тарих деректерін сөйлетеміз”, “Біздің тарихымыз шетел деректерінде”, “Ата-баба дәстүрі”, “Ислам тарихынан”, “Этноним”, “Отарлау саясаты”, “Тарихнама”, “Тоталитаризм тарихы”. Бұлардан өзге журналдың қосымша бөлімін құрайтын “Тарихшылар бас қосты”, “Пікір”, “Мерейтойлар”, “Құттықтау”, “Кітап сөресі толықты”, “Библиография” тәрізді айдарлар да тарихшылар, этнографтар, ғылыми зерттеушілер, жалпы оқырман қауым үшін маңызды болып саналады.
Журналға ААҚ “Қазпошта” арқылы жазылуға болады. Бір жылға жазылу бағасы – 3800 теңге, 6 айға – 1900 теңге 02 тиын. Басылым индексі – 75305.
“Алаш” тарихи-этнологиялық ғылыми журналы қазақтың ру-тайпалық құрамына байланысты материалдарды, деректерді және зерттеулерді жариялауға дайын. Қолдарында шежіре үлгілері және т.б. деректер бар азаматтарды бізбен хабарласуға шақырамыз. Мерзімді басылымның жарық көрген сандарын да редакциядан, Алматы қаласының газет-журнал сататын дүңгіршектерінен сатып алуға болады. Редакцияның мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы 050008, О.Жандосов атындағы көше, 1/1 үй, телефон/факс 8 3272 502355, e-mail: alash@mail.online.kz.
{PRINT_LINK}