Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

TikTok өзін бұғаттамақ болған АҚШ үкіметін сотқа берді

08 мамыр 2024 189

TikTok әкімшілігі қосымшаны бұғаттау туралы Заңға байланысты АҚШ үкіметін сотқа берді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

TikTok қосымшасына иелік ететін қытайлық bitte Danke компаниясы қызметті мәжбүрлеп сату немесе бұғаттау туралы Заңның қабылданғаны үшін АҚШ үкіметін сотқа беруге ниетті.

Естеріңізге сала кетейік, 24 сәуірде АҚШ президенті Джо Байден елде TikTok–ты бұғаттау туралы Заңға қол қойды.Қазір компанияда өз қызметін америкалықтарға сату үшін тоғыз ай мерзім бар. Ал, TikTok өз қызметін бұлай мәжбүрлеп саттыру мүмкін емес дейді.

Естеріңізде болса, АҚШ конгресінде Қытай билігінің саясаты сөз болып,қосымша арқылы америкалықтардың деректеріне қол жеткізе алатыны айтылған. Тиктоктың жаңа мәлімдемесінде Конгресс Штаттардың Конституциясына қайшы келетін бұрын-соңды болмаған қадам жасағаны атап өтілді.

Нәтижесінде,компания Америка үкіметін сотқа бергені хабарланып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?