Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Шопандар тас лақтырған". Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болды

07 мамыр 2024 280

7 мамырда Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекарада оқ атылды.

Шекара қызметінің мәліметінше, сағат 12:20 шамасында Қырғызстанның шекара наряды Тәжікстаннан Баткен облысының Лейлек ауданы Ақ-Босаға  елді мекеніне жақын жерде мемлекеттік шекарадан 250-300 метр қашықтықта мал бағып жүрген шопандарды байқаған. Шекарашылар олардан қырғыз территориясынан кетуді талап еткен, бірақ шопандар талаптарды елемей, әскери қызметшілерге тас лақтырған.

Шопандардың бірі қырғыз шекара нарядына қарай 2-3 оқ атқан. Шиеленістің алдын алу үшін қырғыз шекарашылары ауаға ескерту ретінде оқ жаудырады, содан кейін шопандар Тәжікстан аумағында қашып кеткен.

Шекара қызметі Қырғызстан шекарашыларының арасында ешкім зардап шекпегенін хабарлады. Дәлелденбеген мәліметтерге сәйкес, Тәжікстаннан келген шопандардың бірі аяғынан жарақат алған. Алайда бұл жарақаттың нақты жағдайлары белгісіз, өйткені тәжік құқық қорғау органдары тек фотосуретті көрсеткен.

Екі елдің шекара қызметінің өкілдері оқиғаны шешу үшін кездескелі отыр. Қазір Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жағдай тұрақты деп бағаланады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?