Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Байжанов соттайтын болсақ, Назарбаевты да соттайық - Байжановтың адвокаты

03 мамыр 2024 530

Бишімбаевтың сотында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі аталды.

Сот отырысында Байжановтың адвокаты Әлібек Секеров сөз сөйледі. Ол қорғауындағы азаматты кінәсіз деп санайтынын жеткізді.

Оның айтуынша, Байжанов тек қоғамдық наразылық үшін сотталып жатыр.

"Бұл жағдайда әкімші де, суретші де кінәлі деп санай аламыз. Онда экс-президентті (Нұрсұлтан Назарбаевты) сот отырысына шығарайық. Өйткені бәріміздің көкейімізде соңғы уақытта елде мұндай жағдай неге көбейіп кетті деген сұрақ бары сөзсіз. Мен шенеуніктер туралы айтқан әріптесім Вранчевпен келісемін", - деді адвокат.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?