Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бала тапқым келмейді, тұрмыс құрғым келмейді". Нүкенованың Бишімбаев жайлы құрбысына жазған хаты оқылды

17 сәуір 2024 619

Салтанат Нұркенова өзінің құрбысына күйеуінің қылығы жайлы айтып, оның әр аттап басқан қадамын аңдып отыратынын хабарлаған, деп жазады Alash.KZ ұлттық порталы. 

Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі кезінде хабарламалар оқылды. Салтанат Нүкенованың аталмыш іс бойынша куәгер досы Аида Ахмедина жазбаларды тағы да ортаға салды. Сот отырысында бұрын айтылмаған деректер сөз болды.

Бишімбаевтың адвокаттары іс материалдарындағы скриншоттардың түпнұсқалығына күмәнданғандықтан хат-хабарлар қайта оқылды. Бастапқыда скриншоттар түсірілген Амединаның телефоны қазіргі уақытта жұмыс істемейді. Оны куәгердің баласы кездейсоқ сындырып алған. Осы себепті сотталушы адвокаттары "скриншоттар тергеу кезеңінде әдейі өзгертілген болуы мүмкін" деген пікір білдірді.

Аида Ахмедина сотқа өзінің жаңа телефонын ұсынды, онда барлық хабарламалар синхрондалғаннан әрі Салтанат Нүкеновамен ескі хат-хабарламалары сақталған.

Зерттеу барысында судья Айжан Құлбаева скриншоттарда болмаған маңызды хабарламаларды тапты. Аида Ахмедина 19 сәуірдегі хат-хабарларды түнгі сағат 02.21-ден бастап оқыды.

Сондай-ақ, Салтанат Нұркенова Қуандық Бишімбаевтың оны ұйықтатпайтынын айтқан, Бишімбаевтың өзі да түнімен ұйықтамайтынын мәлімдеген. 

Сот отырысында оқылған хабарламадан үзінді: 

Нүкенова: Туғаннан сондай болды ма, әлде кейіннен бе, білмеймін. Мүмкін, оған жындыханаға жату керек шығар. Бірақ мен өзімді де ойлануым керек. Мен босанудан қорқамын, некемізді ресми тіркегім келмейді. (Бишімбаев пен Нүкенова ресми тіркелмеген, тек мешітте неке кестірген жасаған).

Ахмедина: Бұрынғы әйелімен де солай болды ма?

Нүкенова: Иә, бірақ ол кезде көп жұмыс істеді, ол таңертеңнен түнге дейін болмады, ал қазір 24/7 менімен бірге . Мен шаршадым, одан басқа ешкіммен сөйлеспеймін, әр қадамды аңдиды.

Сондай-ақ, сотта Бажанов пен Бишімбаевтың телефондарын да тексеру жағы қарастырылатыны айтылды.

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады. Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдіктінің қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады. 12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Сонымен бірге оның туыс інісі Бақытжан Байжанов қылмысты жасырды деген күдікпен ұсталды. 

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?